Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Індет пен дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқарудың қазіргі жүйесі барынша қарқынды жұмыс істеп жатқанына тоқталған Президент, «Шұғыл міндеттерді шешу уақыт пен ресурстарды қажет етеді. Алайда алдағы кеңістікті назардан тыс қалдырмау керек. Сондықтан тікелей Президентке бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру туралы шешімді қабылдадым», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Қ. Тоқаев осы тектес орган бұған дейін болғанын, ол өзіне жүктелген міндеттерді табысты орындағанын еске салды.

Президенттің айтуынша, енді ол қайтадан мемлекеттік жоспарлаудың барша жүйесінің орталық буыны болады. Агенттік даярлаған реформалар нақты болуы тиіс.

Белгілі болғандай, агенттік құрамына Статистика комитеті ауысады.


Соңғы жаңалықтар