Стратег жолы: Тұңғыш Президент музейінің Астана залынан фоторепортаж

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл ел астанасы Нұр-Сұлтанның 23 жылдығы аталып өтеді. Қысқа мерзімде елорда қарқынды дамып келе жатқан, заманауи қалаға айналды, онда жаңа ғимараттармен қатар бүгінге дейін сақталған тарихи нысандарды көруге болады. ҚазАқпарат тілшісі елорданың пайда болуы мен даму тарихы туралы Тұңғыш Президент музейінің «Стратег жолы» залынан фоторепортаж ұсынады.

Тұңғыш Президент музейі сол жағалаудағы жаңа ғимаратта орналасқан. Онда елорданың дамуын тарихи құжаттар мен фотосуреттерден бөлек, LED-экрандар арқылы көруге болады, онда қаланың картасы: жол тораптары, елорданың басты көрікті жерлері мен элементтері ұсынылған.

Залдың ортасында 2030 жылға дейінгі полицентрлік қаланы дамыту жоспары, жол тораптары, велосипед бағдарлары, сондай-ақ астананың ауысу тарихы, бас жоспарды құру туралы мәліметтер бар.

Әрине, қазіргі елорда бос жерде пайда болған жоқ. 1998 жылы Есіл археологиялық экспедициясының жетекшісі Кемел Ақышев ортағасырлық Бозоқ қалашығын ашты.

Бұл қаланың тарихы тереңге бойлайтынын дәлелдейді. Бозоқ Ұлы Жібек жолы тармақтарының тоғысында орналасқандықтан, әкімшілік билік орталығы, қолөнер мен халықаралық сауданың шоғырланған жері болды.

1830 жылы мұнда Ақмола бекінісі салынды. Уақыт өте келе адамдар Ақмоланың айналасына қоныстана бастады. Елдімекенге қала мәртебесі 1862 жылы берілді.

Соғыстан кейінгі жылдары КСРО үкіметі тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылдады. Осы кезден қала өмірінің жаңа кезеңі басталды.

Қала қарқынды дамып, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград деп аталды.

Ақмола республиканың солтүстігіндегі Есіл өзенінің кең алқабындағы мемлекеттің негізгі экономикалық орталықтары мен артерияларына жақын орналасқан, Орта Азияның барлық ірі қалаларымен теміржол және автомобиль қатынасы бар ірі көлік торабы болды.

Ал 1994 жылы 6 шілдеде ҚР Жоғарғы Кеңесі ел астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан астанасының Ақмолаға көшірілуі қала дамуының жаңа парақтарын а

Музейде фотосуреттен Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 11 желтоқсанда жаңа астананың бас жоспарымен танысқанын көруге болады.

Тұңғыш Президенттің идеялары елорданың сәулеттік келбетінде көрініс тапты. Зал көрмесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақ сәулет туындыларын сызған эскиздері қойылған.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының қала құрылысын дамытуға және жаңа елорда құрудың қала құрылысы жобасын іске асыруға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан қала құрылысы одағының Алтын медалімен марапатталған. Оған қоса, Елбасыға сыйланған ҚР Құрылысшылар қауымдастығының «Қазақстанның бас құрылысшысы» қалақшасы да музейге қойылған.

1998 жылы 10 маусымда Қазақстан астанасының халықаралық тұсаукесері өтті. Тұсаукесер құрметіне естелік медаль шығарылды. Ал 1998 жылдың 10 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланың символдық кілті табыс етілді.

Үлкен залда елорда рәміздеріне арнайы орын бөлінген. 2008 жылы елорданың елтаңбасы бекітілді. Ондағы басты элемент – Бәйтерек пен шаңырақты біріктіру болды. Бұл көркемдік шешім қаланың белгісі мен елдің символын біріктіретін заманауи Қазақстанның даму векторының бейнеледі.

Залдың ортасында «Қаланың дамуы» мэппинг шоуы көрсетіледі. Шоу жер шарындағы астанамыздың орнын көрсетуден басталып, дәстүрлі кілем бейнесімен жалғасады. Кілем – қаланың көрінісі. Кілемнің «су», «қорған», «көл» немесе «табақ» атты архитектоникасы қазақ халқының мифопоэтикалық концепциясын білдіреді.


Яғни, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманның «материалданған» көрінісі. Ал 1999 жылы Қазақстанның жаңа астанасы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды.

Елорда құрылған сәттен бері көп нәрсе өзгерді. Бірте-бірте заманауи инфрақұрылым дами бастады, жасыл саябақтар саны көбейді, жаңа зәулім ғимараттар ескілерін алмастырды. Алайда қаланың оң жағалауында тарихи ғимараттар әлі де сақталған.

Осы орайда зал ішіндегі медиа-үстелде мұрағаттық құжаттар, фото және видео материалдар, бас қаланың «өткені мен бүгіні» ұсынылған. Онда планшет көмегімен елорданың сәулеттік нысандарын жақындатып көріп, көлік жолдарымен, қаланың әкімшілік-аумақтық бөлінісімен танысуға болады.

Мысалы оң жағалаудағы әкімдік жанындағы сауда үйінің орнында 130 жыл бұрын қызу жәрмеңкелер өткен. 1890 жылы Ақмоладағы орталық алаңда қазына қаражатына жергілікті және сырттан келген саудагерлерге жалға берілетін қонақ қатарлары салынды.

Онда 72 дүкен мен 10 дүңгіршек жұмыс істеген. Кеңес заманында бұл дүкендердің есіктері жасыл бояумен боялғандықтан сауда кешені «жасыл қатарлар» деп аталды.

«Жасыл қатарлар» 1970 жылдары қиратылды және орнына орталық әмбебап дүкен (ЦУМ) салынды. 2000 жылға дейін ОӘД-де 400 адам жұмыс істеді. 2000 жылы швейцариялық «Mabetex Project Engineering» компаниясы қайта өңдеуден өткізіп, ғимарат «Sine tempore» деп аталды. Ғимараттың аумағы 16 мың шаршы метрге жетеді», - дейді Нұр-Сұлтан мемлекеттік мұрағатының ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Ғазиза Исахан.

Қала тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында күннен-күнге дами түсті. Облыстың орталығында түрлі іс-шаралар өткізілетін кең қоғамдық ғимарат салу қажет болды. 1961 жылы Хрущев Целиноградқа келгенде, өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінде жиналыс өткізуге мәжбүр болды.

Осы оқиғадан кейін Тың игерушілер сарайын салу туралы шешім қабылданды. Оның жобасын Ригадағы «Латгипрогорстрой» институтының сәулетшілері П. Ю.Фогелс, Д. К. Даннеберг және О. Н. Крауклис әзірлеген.

«Тың игерушілер сарайы» 1963 жылы 6 қарашада пайдалануға берілді. 2340 орындық сарай және 150 орындық кафе қаланың мәдени өмірінің орталығына айналды, онда партиялық жиналыстар, концерттер, кинокөрсетілімдер, жаңа жылдық мерекелер, фестивальдер өтті. 1990 жылдардың аяғында ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді және 1999 жылдан бастап «Тың игерушілер сарайы» «Конгресс-холл» деп аталды. 2016 жылдан бастап «Конгресс Холл» «Астана» концерт залы болып өзгертілді.

Қазақстанның жаңа елордасы ҚР Тұңғыш Президентінің төл туындысы десек қателеспейміз. Н. Назарбаевқа берілген астананың құрметті азаматы дипломы мен медалі де музейге қойылған.

Қазақстанның бас қаласы – саяси ғана емес, мәдениет пен коммуникация орталығына да айналды. Университеттер, театрлар, концерт алаңдары елордамызды мәдени ошақ ретінде танытты. Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан-Шатыр, Астана Арена, Тәуелсіздік сарайы – қаланың басты брендтеріне айналды.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан бүгінде маңызды саяси, экономикалық және спорттық іс-шаралар өтетін халықаралық алаң саналады. Қалада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, ЕҚЫҰ, ИКҰ саммиттері, экономикалық форум, Азиада, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі сияқты шаралар өтті.

«Астана – Қазақстанның жаңаруының нышаны, оның көп ұлтты халқының жасампаз күш-қуатының куәсі. Бұл – соншалықты жеңіл тимеген заманның өзінде жаңа астанасын тұрғызуға бел шешіп кіріскен халықтың өзінің күш-жігеріне деген сенімінің белгісі. Бұл – азаттық алған ұлттың өзінің гүлденген болашағына, ұрпағының келешегіне зор үмітінің көрінісі», - деп жазды Н. Назарбаев өзінің «Еуразия жүрегінде» кітабында.

Расында да, қазір Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары шындыққа айналғанын, ал елорда өткен, қазіргі және болашақ элементтерін біріктіретін қарқынды дамып келе жатқан қалаға айналғанын көріп отырмыз.


Соңғы жаңалықтар