+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Страсбургте қоғамдық көлік балалар үшін тегін болады

2021 жылғы 27 ақпан 18:20
Бөлісіңіз:
Страсбургте қоғамдық көлік балалар үшін тегін болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Страсбург билігі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаладағы 18 жастан кіші тұрғындар үшін қоғамдық көлікпен жүруді тегін етуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Le Parisien газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Армениядан әкелінген көліктерге екі рет салық салынбайды Қазақстанда техникалық ақауы бар көлікті пайдалану көбейді Қазақстанда қандай жол ережелері жиі бұзылады

Басылым мәліметінше, қоғамдық көлікпен тегін жүру құқығына қаланың 80 мыңға жуық тұрғыны ие болады. Бұл шара қала орталығында көмірқышқыл газы қалдықтарының санын төмендету мақсатында енгізілуде. Газеттің жазуынша, билік тегін жүруді енгізген соң, ата-аналардың балаларын жеке көлікпен тасымалдауы азая түседі. Тегін жүру үшін, 18 жасқа дейінгі тұрғындарға көліктік компанияға қалада тұратынын дәлелдейтін құжатты ұсынуы қажет болады.

Биліктің есептеуінше, бұл шара арқылы екі баласы бар отбасы жылына 550 еуроға дейін қаржыны үнемдей алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT