Страсбургте кімдер зардап шеккендігі анықталуда - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Страсбургтің көшелерінде болған атыс кезінде қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтарының бар немесе жоқтығын анықтауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Франциядағы дипломаттарымыз жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста. Францияда жүрген азаматтарымыздың естеріне саламыз, төтенше жағдай туындаған кезде шетелдегі мекеменің және ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайттарында көрсетілген байланыстар арқылы елшілікке дереу хабарласыңыз», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Францияның Страсбург қаласының орталығы Клеберде ұйымдастырылған жәрмеңкеге жақын маңда болған атыс салдарынан адамдар қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар