Страсбург университеті энергия үнемдеу үшін қыста жұмысты екі аптаға шектейді

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Энергияны үнемдеу мақсатында Страсбург университеті (Франция) қысқы демалыстың бір аптаға ұзартылатынын, ал жаңа жылдық үзілістен кейінгі семестрде оқу онлайн режимде өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Страсбург университеті энергия үнемдеу үшін қыста жұмысты екі аптаға шектейді

Бұл шараны университет басшылығы Франция үкіметінің энергия бағасының өсуіне байланысты үнемдеу туралы үндеуіне байланысты қабылдады.

5 қыркүйекте Франция президенті Эммануэль Макрон француздарға электр қуатын тұтынуды 10%-ға азайтуға шақырды.

19 қыркүйекте Страсбург университетінің президенті Мишель Денекен студенттерге Рождестволық демалысты бір аптаға ұзарту және ақпан айында бір апта бойы қашықтан оқуға көшу туралы хабарлады.

Жергілікті газеттердің хабарлауынша, Франция оқу орнының ғимараттары шамамен 57 мың студентке жабылады.

Сонымен қатар, университет басшылығы жылу кезеңінде ғимараттарда температураны 19 градусқа дейін шектеуді жоспарлап отыр. Бұл жағдайда күзде жылу «мүмкіндігінше кешірек» қосылады.

Өткен жылы ЖОО-ның энергия шығыны 10 млн еуроны құрады. Оның ішінде 5 млн еуро электр энергиясын төлеуге, 2 млн газға және 3 млн еуро желілік жылытуға жұмсалды.


Соңғы жаңалықтар