Странджа кубогы: Махмуд Сабырхан 54 келі салмақта чемпион болды
2022 жылғы 27 ақпан 19:32

Странджа кубогы: Махмуд Сабырхан 54 келі салмақта чемпион болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Болгария астанасында бокстан өтіп жатқан Странджа кубогында ерлер арасында қазақстандық Махмуд Сабырхан ел қоржынына екінші алтын медальды салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

54 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Махмуд Сабырхан финалда жергілікті боксшы Ясен Радевпен жұдырықтасуы керек болатын. Бірақ, қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартты.

Осылайша, Махмуд Сабырхан аталған турнирдің алтын медальына айқассыз қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан қоржынынаалғашқы алтын медальды әйелдер арасынан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жеңіп алған болатын .

Сондай-ақ бүгін Дулат Бекбауов (67 келі) Дания елінің өкілі Николай Тертерянмен кездессе, Сағындық Тоғамбай (86 келі) украиндық Сергей Горсковпен бәсекеге түседі. Ал, Валентина Хальзова (70 келі) ресейлік Галина Головченкомен шеберлік байқасады.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT