Stopfake.kz: Қазақстанда әдейі вирус таратылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар WhatsApp-та 7-8 тамызда «вирус шашатындықтан» далаға шықпауға шақыратын хабарлама таратуда. Бұл фейк, деп абарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап

Хабарлама авторы «аурухана қызметкерлерінің» айтқанына сүйенеді. Олар стационарларда ауру жұқтырған науқастардың жаппай түсуіне әзірленіп, оттегі баллондарын дайындап жатыр екен.

«10-11 тамызда адамдар ауруханаларға көптеп түседі, терезелерді жауып, шыдаңыздар. Таныстарыңызға айтыңыз. Барлығы жоспарланған. Әлсіздер өліп кетеді», – делінген мәтінде.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды.

Сондай-ақ, мекемедегілер Қазақстанда жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.


Соңғы жаңалықтар