USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

STOP трафик: Адам саудасына қатысты 68 қылмыс анықталды

2021 жылғы 6 желтоқсан 13:34
Бөлісіңіз:
STOP трафик: Адам саудасына қатысты 68 қылмыс анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «STOP трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында адам саудасымен байланысты 68 қылмыс анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминальдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 22 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында «STOP трафик» атты кезекті республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында полиция органдары адам саудасына қатысты 68 қылмысты анықтады. Оның ішінде жұмысқа салу мақсатында бостандығына заңсыз шектеудің 3 фактісі, адам саудасына қатысты 2 факті, кәмелетке толмағандарды саудалаудың 2 фактісі, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 8 фактісі бар», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде.

Оның дерегінше, жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысуды ұйымдастырудың немесе притон ұстаудың 53 фактісі әшкере болған.

«Сонымен қатар біле тұра жезөкшелікпен және жеңгейтайлықпен айналысуға үй-жай беру фактісі бойынша 21 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Жеңіл жүрістілердің қоғамдық орында адамдарға жабысқаны үшін 600-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды», - деді Қанат Нұрмағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT