Стоматолог, лор дәрігерлері бас және мойын ісігін диагностикалауды үйренеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе және Семей қалаларында Қазақстан мен Ресейдің жетекші онкологтары тарапынан отоларинология және стоматология салаларындағы мамандар  мойын қатерлі ісігінің ерте кезеңін диагностикалау әдісі бойынша оқытудан өтеді. Бұл туралы ҚазОРҒЗИ директоры  Диляра Қайдарова баспасөз конференциясында айтты, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, Қазақстанда бас және мойын қатерлі ісігімен ауыратындардың 70 пайызы 3-4 кезеңіне жеткенде ғана көмекке жүгінеді.

«Қазақстанда жыл сайын бас және мойын қатерлі ісігімен 2000-нан астам адам ауырады. Адамдар зақымдалу аймағы - ауыз қуысы, көмей, мұрын қуысына назар аудару керек. Әдетте науқастар бізге аурудың  3, 4-кезеңінде ғана қаралуға келеді. Мұндай  пациенттердің көмейінің жартысын, мұрын қуысы және ауыз қуысының өзге де органдар мен тыныс жолдарын алып тастауға тура келеді. Емдеудің тиімді әдістерінің бар болғанына қарамастан, диагноз қойылған соң науқастар арасындағы өлім 50%-ға жетеді. Қазақстанның алты аймағы  - Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе және Семей қалаларында стоматологтар мен отоларингологтарды оқыту мамандардың онкоқауіпсіз болуларына мүмкіндік береді. Әрі қауіпті белгілер анықталған жағдайда жедел зерттеу жүргізіп, уақытында диагноз қоя алатын болады», - деді Д.Қайдарова

Дәрігерлерді Қазақстан мен Ресейдің жетекші онкологтары оқытады. 17 мен 23 қыркүйек аралығында  көшпелі қызмет мамандары әр ауданның онкодиспансерінде  халықты тегін қарау жұмыстарын жүргізеді.

«Мұрынның бітелуі, дауыстың қарлығуы мойын тұсында пайда болатын белгілер аурудың  бастапқы  симптомдары болып табылады. Көп адамдар бұған мән бермейді. Көмей ісігі, ауыз қуысы, тамақ пен мұрын мәселелерімен стамотолог пен Лорга жолығады. Ал бұл мамандардың  бір дегеннен осыған назар аударуы маңызды», - деді  Ростовский онкологиялық институтының бас және мойын ісігі бөлімінің басқарушысы Марина Енгибарян.

Онкоинституттың  мәліметінше, өткен жылы диагностиканың ерте кезеңі тек төрт қала бойынша  (Астана, Алматы, Семей және Шымкент) өткізілген. 800-ден аса пациент тексеріліп, оның 123-де бас және мойын және бас ісігі бар деп болжанған. 29-ында қатерлі ісік анықталған.

Соңғы жаңалықтар