Стокгольмде қазақстандық суретшінің көрмесі ұйымдастырылды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Стокгольмде қазақстандық суретші Хашим Курбановтың «Менің өлкем» атты 7 күндік көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Швеция астанасының тарихи орталығындағы «Риддарен» галереясында орналасқан экспозицияны Швециядағы Қазақстан жастары ұйымдастырған. Сонымен қатар шарамен байланысты шығындардың біршама бөлігін Стокгольмнің мэриясы мойнына алған.

Вернисажда танымал суретшінің 40-тан астам экспонаттары қойылған. Олардың арасында картиналар мен өзге де көптеген дүниелер бар.

Қылқалам шеберінің айтуынша, оған көбіне ауыл өмірі ұнайды. Оның ішінде әсіресе ескі үйлер, өзінің жастық шағы өткен тыныш көшелер мен Жаркенттің аулалары. Суретшінің нысаны қарапайым адамдар мен олардың тыныс-тіршілігі.

Хашим Курбанов ұсынған дүниелердің жалпы салмағы 60 келіге жуықтайды. Бұл дүниелер шетелдіктердің елімізге деген қызығушылығын арттыра түссе, еліміздің азаматтарының туған жерге деген сағыныштарын үдете түсті.

«Шетелдіктер біздің елімізге қызығады. 2017 жылдың желтоқсанында Қазақстан туралы өткен фотокөрме, Стокгольм тұрғындарын ерекше тамсантты»,-деді Швециядағы қазақстандық жастар қауымдастығының басшысы Санна Тұрсынова.

Осы жетістіктің арқасында қазақстандық жастар қауымдастығының өкілдері еліміздегі шығармашылық пен өнерді шетелдіктер арасында насихаттау ісін жалғастырып келеді.

Енді жерлестер Стокгольмде қазақстандық шеберлердің декоративті-қолданбалы өнерінің жәрмеңкесін өткізуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар