+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Стокгольмде Еуропа қазақтарының бизнес-форумы өтті

2019 жылғы 22 қазан 10:42
Бөлісіңіз:
Стокгольмде Еуропа қазақтарының бизнес-форумы өтті

СТОКГОЛЬМ. ҚазАқпарат - Стокгольмде Швеция, Дания, Норвегия және Финляндияда тұратын отандастардың бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының жұмысы жанданып келеді «Qazaq Klasy» Моңғолияның Қобда қаласында жұмысын бастайды Омбыда этникалық қазақтардың басын қосқан бизнес-форум өтті

21 қазан күні Стокгольмде Швеция, Дания, Норвегия және Финляндияда тұратын отандастардың бизнес-форумы болды. Форум – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілген «Отандастар Қоры» КЕАҚ және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Солтүстік Еуропада тұратын қазақтармен байланысты нығайту бағдарламасының бір бөлігі.

Оған қазақ диаспораларының лидерлері, белсенділері, Қазақстанның Швециядағы елшісі Қайрат Әбдірахманов, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Арғын Оспанов, «Отандастар Қорының» жауапты қызметкерлері, Швецияның Қазақстандағы тұңғыш елшісі Манне Венгборг, Қазақстанның Дания, Финляндия және Швециядағы құрметті консулдары, Солтүстік Еуропа елдеріндегі компанияларда жұмыс істейтін қазақтар, Түркістан, Қарағанды облыстарының жүн өңдеу, ауыл шаруашылы, агротуризм сияқты салалардағы бизнесмендері қатысты.


Қауымдастық пен Қор өкілдері бүкіл әлемде «Қазақ үйі» Қазақ мәдени-іскерлік үйінің құрамына кіретін мәдени орталықтар мен іскерлік үйлерінің желісін құру жоспарларын бөлісті.

Бизнес-форумға қатысушылар шағын, орта және ірі бизнестегі бастамаларды ынталандыру, өзара ықпалдастық тетіктері, стартаптарды дамыту мәселелерін талқылады. Қатысушыларға Қазақстан өңірлерінде бизнес ашып, дамытуға қолайлы инвестициялық әлеует таныстырылды. Кездесуде қалпына келетін энергия, ақпарат технологиялары, құрылыс материалдары, шикізат өңдеу, мұнай химиясы, тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, білім-ғылым, соның ішінде түркология, туризм салаларындағы өзекті жобалар айқындалды.

Сонымен қатар Қор өкілдері барша қазақ диаспорасымен тығыз байланыс орнатуға әзір екенін білдірді. Ол үшін отандастар мәселелеріне жауап беретін Бірыңғай байланыс орталығы ашылған. Швециядағы бизнес-форум биыл өткізілген алтыншы форум болды. Бұған дейінгісі 20 қыркүйекте Лондонда өткен.

Шарада Қазақстан Жастар қауымдастығының төрағасы Айдана Бекберген көптің көзінше электрондық форматтағы уақыт капсуласын бекітті. Жас отандастарға үндеу жолданған капсула 2025 жылы ашылады.

Қазақстан делегациясы құрамында барған кәсіпкерлердің ұсыныстары да қатысушыларды қызықтырды. «Шымкент Кашемир» жүн өңдеу фабрикасының басшысы Шағанбек Қанжарбайұлы өнімін скандинав елдеріне сату ниетін білдірді. «Toksumak» эко-агро-кентінің авторы Олжас Омаров тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын нығайтатын әрі этникалық қазақтарды Қазақстанға тартуға мүмкіндік беретін жобаларды дамытуға инвестиция тарту туралы ұсыныстарын айтты.

Автор: Ильяс Омаров

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Қандастар, Экономика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT