Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 27 °С
Алматы: 33 °С
USD 342.49 EUR 400.85
RUB 5.51 CNY 51.33
Жаңалықтар

Стоилов басқа клубты жаттықтыруы мүмкін

2017 жылғы 15 желтоқсан 00:22 1017
Бөлісіңіз:
Стоилов басқа клубты жаттықтыруы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Станимир Стоилов жақын арада Праганың "Славия" командасымен келісімшартқа отыруы мүмкін, деп хабарлайды SPORTINFORM САА.

Осыдан бір апта бұрын болгариялық маман "Славияны" УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырған еді. Дәл осы ойыннан кейін Прага клубының басшылығы жаңа бапкердің кандидатурасын қарастыра бастады. 

"Славияның" қытайлық инвесторлары клубтың бәсекеге қабілетті, Еуропада алдыңғы қатарлы ұжымдардың сапына енеді деген үмітпен аз қаражат құймады. Алайда, чех командасы ішкі біріншілікте "Виктория Пльзеньннен" 14 ұпай қалып, чемпиондықты беріп қойды десек те болады. Ал, Еуропа лигасындағы көрсеткішін біз айтпасақ та жақсы білесіздер. Еурокубокпен қоштасқан сәттен бастап клуб басшылығы Станимир Стоиловпен байланысып, оған ұсыныс жасаған. 

Бізге мәлім болғандай, болгариялық бапкердің "Астанамен" келісімшарты аяқталып қалды, ал клуб басшылығы жаңа ұсыныс жасауға әлі асығар емес. "Славия" командасының функционерлері мұндай мүмкіндікті мүлт жібермей, білікті бапкерді өз қатарларына қосып алғысы келеді. 

 

 


Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат