Степногорскіде тыл ардагерінің 1,2 млн теңгесін жымқырған алаяқтар ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногорск қаласында тыл ардагерінің 1,2 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен жымқырып кеткен күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша оқиға сәуірдің 9-ында болған.

«89 жастағы зардап шегушінің сөзінше, оның үйіне бейтаныс екі әйел келіп, бал сатып алуды ұсынған. Күдіктілер қарияға көз тию және дуадан аластаймыз деп сендіреді. Олардың бұл «қызметі» үшін қария төлейтін ақшасын барын айтады. Тіпті, ақшасының қайда сақтаулы тұрғанын да білдіріп қояды. Осылайша, күдіктілердің бірі қарияның көңілін аулап тұрғанда, екіншісі үстелдің суырмасында жатқан 1 200 000 ақшасын жымқырып үлгереді.

Жедел - іздестіру шараларына Степногорск қалалық ІІБ жеке құрамы тартылды. Нәтижесінде Қарағанды және Жамбыл облыстарынан келген күдікті екі әйел ұсталды. Олардан 1,2 миллион теңге ақша тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды», - деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімі бойынша соталды тергеу амалдары қолға алынды.

Фото: sputnik.md

Соңғы жаңалықтар