Степногорскіде бір тәуліктің ішінде алтын рудасын ұрлаған 63 адам ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Степногорск қаласында бір тәуліктің ішінде құрамында алтыны бар руданы ұрлаған 63 адам қолға түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, қазіргі таңда облыс аумағында құрамында алтыны бар руданы ұрлауды алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері Степногорск қаласына қарасты Ақсу және Бестөбе кентіндегі полиция бөлімшесіне  құрамында алтыны бар руданы ұрлаумен айналысқан 800 адам жеткізілген. Алтын рудасы үшін Степногорск қаласына Ақмола облысы аумағынан ғана емес, көрші облыстардан да адамдар келеді. 

Сол себепті, жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен  100 автокөлік тексерілді. Қала аумағында руда өңдейтін 2 шағын цех, құрамында 7 тоннадан астам алтыны бар кварц рудасы тәркіленді.  Оған қоса, Ақсу және Бестөбе кентіндегі шахталарға заңсыз түсетін 5 тесік жол анықталды.

Аталған оқиғаларға байланысты ҚР ҚК 12 қылмыстық іс қозғалса, оның 8- і 334 бап (заңсыз жер қойнауын пайдалану) бойынша.

«...Заңсыз алтын рудасын ұрлаушылар арнайы киімі мен құрал-жабдықтарының болмауы және қауіпсіздік шараларының сақталмауы салдарынан алған дене жарақатынан ажал құшуы мүмкін...», дейді полицейлер.

Соңғы жаңалықтар