Степногорскіде 30 жыл ішінде алғаш рет көппәтерлі тұрғын үйлер салынуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Степногорск қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көппәтерлі тұрғын үйлер салынуда. Бұл туралы қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қайрат Жұмабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бұл — өндірістік қалада 30 жылдан бері салынып жатқан алғашқы көппәтерлі тұрғын үйлер. Оның құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Бұл жаңа үйлердің алғашқысы ағымдағы жылдың ақпан айында пайдалануға берілді.

«Мұндағы пәтерлер арендалық, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына ұсынылуда. Бұл үйлердің артықшылығы энерго үнемдеуінде жатыр. Жылу дачиктері пәтердің сыртқы температурасына автоматты түрде икемделіп отырады», - дейді Қайрат Жұмабаев.

Қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы атап өткендей, қазіргі кезде тағы бір 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл үйді жыл соңына пайдалануға беру жоспарланған.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қалада барлығы 1500 адам пәтер кезегінде тұр. Оның ішінде жүзге жуығы көпбалалы отбасылар. Жалпы, өнідірістік қалада келешекте осындай жаңа 12 тұрғын үй салынатын болады.


Соңғы жаңалықтар