«Степногорск ЖЭС» компаниясына 2,1 млн теңге айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Степногорск ЖЭС» ЖШС-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді және 2,1 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті өтініш негізінде жүргізілген. Ол «Степногорск ЖЭС» компаниясының 2020 жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға қатысты қызметіне қатысты болған.

Комитеттің түсіндіруінше, «Табиғи монополиялар туралы» заңның 23-бабы 6-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісін сатып алу электрондық нысанда өзінің интернет ресурсында орналастыруы керек, ал оның сайты болмаған жағдайда уәкілетті органға интернет ресурсқа орналастыруы үшін жолдайды. Онда сатып алу процесінің әр кезеңі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

Ал тауар биржалары, электрондық сауда алаңдары арқылы сатып алу және оның нәтижесі туралы мәліметті компания өз сайтында жариялауы керек.

«Табиғи монополиялар туралы» заңның 23-бабын бұзғаны үшін, «Степногорск ЖЭС» ЖШС ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 2 120 800 теңге мөлшерінде айыппұл төленді», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар