Степногорск қаласында жас анаға «Алтын алқа» медалі тапсырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногорск қаласында жас анаға «Алтын алқа» медалі тапсырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша шаһардағы «Горняк» мәдениет үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдері күніне орай салтанатты шара өтті. Шара барысында қала әкімінің орынбасары Сағындық Шабаров аруларды мерекелерімен құттықтай келе, көпбалалы ана Надежда Ивановнаға «Алтын алқа» медалін тапсырды. Сондай-ақ, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан нәзік жандылардың еңбегі ескеріліп, қала әкімінің атынан Алғыс хатпен марапатталды және гүл шоқтары тарту етілді.

Жоғары құрметке ие болғандардың арасында туберкулезге қарсы диспансердің медбикесі Галина Никитина, қалалық білім бөлімінің инженері Райхан Бекентаева, мәдениет бөлімінің бас маманы Надежда Рогова, ІІБ жетекші маманы Наталья Рябцева, ТЖБ аға инженері Динара Канапина, колледж оқытушысы Надежда Гафнер және бизнес ханым Светлана Лагута бар.

Оған қоса, Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің атынан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Валентина Дахтлер және қалалық соттың судьясы Айсұлу Мамилянова Алғыс хатпен марапатталды.

Марапатталғандардың ішінде әлеуметтік көмекке зәру жандарға ұдайы қол ұшын созып келе жатқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметшісі Ольга Малыгинаның еңбегін айта кеткен ләзім.

Мерекелік шара жергілікті көркемөнерпаздардың орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты.

2 3 

Соңғы жаңалықтар