Степногорлық балуандар еркін күрестен ел чемпионатында үш алтын медальға қол жеткізді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногорлық балуандар еркін күрестен 2000-2002 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында өткен ел чемпионатында үш алтын медалға қол жеткізді.

Бұл туралы Степногор қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шымкент қаласында алауын көтерген байрақты бәсекеге еліміздің әр өңірінен жиналған кілең мықты балуандар қатысты. Осы орайда, Ақмола облысының намысын Степногордағы Бөгенбай батыр атындағы спорттық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері қорғады.

Тартысты өткен жарыста 52 салмақ бойынша күш сынаған Эллада Махяддинова, жеңімпаз атанса, 57 және 62 келі салмақта Айна Теміртасова мен Альбина Қайыргелдинова алтын медальға қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар