Степногорде жоғалып кеткен шахтердің мәйіті табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногорде жоғалып кеткен шахтердің мәйіті Ақсу кеніші шахтасының маңынан табылды.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне облыстық ІІД кезекшілік бөлімінен хабарлады.

Еске сала кетсек, Степногор қаласының тұрғыны 1977 жылғы Қазбек Нұралин үстіміздегі жылдың 4 ақпан күні кешкі 20:00 минут шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған болатын. Кейін белгілі болғандай ол жолда өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып, онымен кен орнына жетіп қалған көрінеді. Іздестіру жұмыстарына облыстық ІІД, Степногор қалалық ІІБ, жергілікті тұрғындар мен еріктілер тартылған болатын.

«Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде шахтердің мәйіті 20 ақпан күні сағат 11:00-12:00 шамасында «Ақсу» кенішінің шахтасынан 300 метр жерден табылды. Қазіргі кезде тексеріс жүргізілуде. Толық мәлімет кейін белгілі болады», - деп түсіндірді кезекшілік бөлімінен.

Соңғы жаңалықтар