Степногорде зергерлік дүкен тоналды

None
Видеодан алынған кадр
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарт – Степногор қаласында зергерлік дүкенге ұрылар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде жедел іздестіру шарасы қолға алынып, келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

«Полицияға арыз мамырдың 1-де түсті. Қазіргі кезде жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, келтірілген шығын көлемі де анықталу үстінде. Толық мәліметті кейін жариялаймыз», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметкері Әсем Әбдрахманова.

Айта кетсек, «Золотинка» зергерлік дүкені тоналғандығы туралы мәлімет әлуеметтік желіде жарияланды, онда ұрылардың дүкеннің астына саңлау жасап кіргені айтылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысында 15 құлынды биені айдап әкеткен ұры 7 жылға сотталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар