Степногорде 2013 жылы 1 268,0 мың теңгенің 13 жобасы жүзеге асырылды - қала әкімі

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Степногор қаласында өткен 2013 жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жалпы құны 1 268,0 мың теңгенің 13 жобасын жүзеге асырды.

Бұл туралы Степногор қаласының әкімі Мұратбек Тақамбаев БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен қаланың 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен алдағы жоспарлары жөніндегі баспасөз мәслихатында мәлім етті.

М.Тақамбаевтың айтуынша, 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында 2014 жылы Степногор қаласына 1 100 851 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Ал, қала көшелерін күрделі жөндеу, жарықтандыру және үй аулаларын абаттандыру сияқты ағымдағы жұмыстарға 711497 мың теңге бөлінген. Оның 268 029 мың теңгесі республикалық бюджеттен бөлінсе, қалған 443 468 мың теңгесі облыстық бюджеттен беріліп отыр.

Сондай-ақ, 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында бюджеттік инвестициялық жобалар да қарастырылған.

Атап айтсақ, олардың арасында қала көшелерімен қатар, Шантөбе, Завадской, Бестөбе кенттері мен Карабұлақ ауылында жарықпен қамтамасыз ету желісінің құрылысын салу да бар

Соңғы жаңалықтар