Степногордағы апатты жағдай: Жылу қазандығын қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрлігі Степногордағы жылу электр орталығында болған апатты жағдай жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«25 наурызда Степногорск ЖЭО бу қыздырғышында тесік саңылау пайда болғандықтан КА-3 авариялық жағдайда тоқтатылды. 26 наурызда бу қыздырғыштың төбесінде тесік саңылау табылып, КА-5 авариялық жағдайда тоқтатылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жылу тасығыштың температурасының күрт төмендеуіне жол бермеу мақсатында 25 наурызда резервтегі №4 су жылыту қазандығы іске қосылды», - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қазір 3 энергетикалық қазандық агрегат және 1 су жылыту қазандығы жұмыс істеп тұр.

«Станцияның сыртындағы температура 93-95 С, қалаға кіре берістегі температура 71 С. Қазіргі уақытта апаттық сөндірулерді жою бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін бригадалар ұйымдастырылды. Жақын арада апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталады», - дейді ведомстводан.

Бұған дейін Степногордағы ЖЭО жылу жүйелеріндегі ақаудан, бірнеше шағынаудандағы көптеген тұрғын үйлер жылусыз қалғаны туралы хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар