Степногордағы апатты жағдай: қалада бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногордағы ЖЭО жылу жүйелеріндегі ақаудан, бірнеше шағынаудандағы көптеген тұрғын үйлер жылусыз қалды. Бұл туралы қала тұрғындары әлеуметтік желіге шағымдарын айтып жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғындарының айтуынша, биылғы жылдың соңғы екі айында Степногордегі ЖЭО-да осымен төртінші реті апат орын алып отыр.

«Осының салдарынан қала тұрғындары жылусыз және сусыз қалды. Қала басшылығы жылу агрегаттарындағы ақауды сылтау етіп, тұрғындарға түсіністік танытуға шақырады. Арзан емес коммуналдық ақы төлеп отырған тұрғындардың жағдайын кім түсінеді?», - деп жазды қала тұрғындары әлеуметтік желілерге.

Осы ретте «Степногор ЖЭО» ЖШС басшылығы жылу желілері тозғандықтан апатты жағдай орын алып отырғанын айтып ақталуда.

«Қаладағы жылу жүйелерінің әбден тозғандығынан биылғы жылыту маусымында бірнеше рет апатты жағдайлар орын алды. Сол себепті, жылуды уақытша тоқтауға тура келді», - деп жауап берді тұрғындардың әлеуметтік желідегі шағымдарына «Степногор ЖЭО» ЖШС әкімшілігі.

Сонымен бірге, кәсіпорын басшылығы қазіргі таңда ақауды жою жұмыстар қолға алынғанын және жақын уақытта қала жылумен толық қамтамасыз етілетін айтуда.

«Қазіргі уақытта қаланы жылыту үшін жіберілген ыстық судың температура 54 С құрайды. Қала бойынша барлығы 13 магистралды құдық бар, тиісінше шағын аудандар бойынша ыстық суды өткізу мен жылу беру әртүрлі болады. Дәл қазір ЖЭО-дан шығу кезінде ыстық судың температурасы 95 С, ал прогресс кезінде 88 С құрайды. Сағат 16:00-ге дейін ЖЭО-дан шығатын ыстық судың температурасын 105 C дейін көтеру жоспарлануда», - деп толықтырды «Степногор ЖЭО» ЖШС әкімшілігі.

Аслан Оспанов.


Соңғы жаңалықтар