Степногорда тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына арендалық баспана ұсынылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің бастамасымен қала әкімдігінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында алғаш рет аймақтағы тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының пәтерге тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы меморандумға қол қойылды.

Степногор қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нана Антидзенің айтуынша, жергілікті атқарушы билік пен бизнес өкілдері жеке үй сатып алу мүмкіндігі жоқ тұлғаларға арендалық тұрғын үйді ұсыну бойынша міндеттемелерін өзіне алды, сондай-ақ тұру үшін төлемді азайту мәселесі оң шешімін тапты.

Қала әкімі Әнуар Күмпекеев пен бизнес өкілдері - «Степногор Энергосбыт» ЖШС-нің директоры Нұрлан Шалекенов пен «Феникс ЛТД» ЖШС-нің директоры Фаиль Машиковтың арасында меморандумға қол қоюы нәтижесінде тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына аймақтағы үйлердің бірінен 16 бөлмені жалға ұсыну жоспарланды.

Ақмола облыстық ІСБ-нен хабарланғандай, бұл ретте азаматтарды тұрғызу үшін аталған үйде жөндеу жұмыстары өткізілген соң 80 бөлме көлеміндегі жеңілдік орнатылған.

Басқа үйде 48 бөлме көлеміндегі жеңілдік бар, қазіргі кезде онда азаматтардың әлеуметтік осал топтары тұрып жатыр.

Әнуар Күмпекеев бүгінде қалада бар арендалық әлеуметтік баспананың саны үш 45 пәтерлік үймен шамалас екендігін және тұрғын үй мәселесін уақытша шешу бағытындағы жақсы тірек екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар