+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Степногорда полицей көзінің күйгеніне қарамастан ұрыны ұстап үлгерді

2021 жылғы 2 маусым 16:03
Бөлісіңіз:
Степногорда полицей көзінің күйгеніне қарамастан ұрыны ұстап үлгерді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкері көзіне бұрыш спрейі шашырағанына қарамастан ұрылардың бірін қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дүниежүзілік туризм күні: Зеренді ауданында отбасылық демалыс орны ашылды Ресейде бес жыл іздеуде болған алаяқ әйел Петропавлдан табылды Ақмола облысында жаңа кірпіш зауыты салынып жатыр

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрыны қылмыс үстінде ұстау көршілердің қырағылығының арқасында жүзеге асырылды. Бұл туралы мамырдың 28-інде Степногор қалалық ПБ басқармасының кезекші бөліміне хабарланды. Онда тұрғын үйдің кіре берісінде күдікті адамдардың жүргені айтылған.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларын көрген қылмыстық топ мүшелерінің бірі полицейдің бетіне бұрыш спрейін шашып жіберді. Алайда, көзінің күйгеніне қарамастан, полиция қызметкері жедел-тергеу тобы келгенге дейін бір қаскүнемді ұстады», - деді ведомстводан.

Күдікті «пәтер ұрысы» ретінде есепте тұрған Көкшетау қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Қаскүнемнің екі сыбайласы қашып кетті. Қазіргі уақытта олардың орналасқан жері анықталуда. Бұл жолы күдіктілер көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен алтын бұйымдар мен 300 мың теңге көлемінде ақша ұрламақ болған», - деп толықтырды ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT