Степногорда өртке оранған тұрғын үйден 20-дан астам адам құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Степногор қаласында өртенген тұрғын үйден 20-дан астам адам құтқарылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, меншікті тілшіміз Аслан Оспанов хабарлады.

«Тілсіз жау сағат 08.10-да Степногор 4-ші шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен шықты. Үйден қауіпсіз жерге 21 адам, оның ішінде екі бала шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Жалынды ауыздықтауға жеке құрамнан 8 адам, 3 бірлік арнайы өрт техникасы тартылды.

Соңғы жаңалықтар