Степногорда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Степногор қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындысы мен биылғы жылдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің 21,1 пайызы Степногор қаласына тиесілі. Қаладағы «Степногор ЕПК», «Қазақалтын» ТМК», «Степногор ЖЭО», «Astana-nan Chemikals», «Қазақатомөнеркәсіп» КҚЗ», «Альфа Органик» спирт зауыты» «Астана - Ойл» Мұнай үйі» тәрізді кәсіпорындарда өндіріс көлемі ұлғайған.

Сонымен қатар, қала маңындағы елді мекендерде мал шаруашылығы, оның ішінде ірі қара мен құс өсіруде оң көрсеткіштер байқалады. Шағын және орта бизнес саласынан бюджетке 2,3 миллиард теңге салық түсті. Бұл 2017 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 10,7 пайызға жоғары. Бөлшек сауда айналымы 27 миллиард теңгені құрады.

«2019 жылда бюджеттің кірісі трансферттерді есепке алғанда 11.2 миллиард теңгенің көлемінде болатыны жоспарланған. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бағытында 732 тұрақты және 197 уақытша жұмыс орны ашылды. 2104 адам жұмысқа орналасты. Тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде 745 адам мемлекеттік көмек алды. Білім беру саласында кадрлармен толығу 100 пайызға жетіп, 26 жас маман жұмыспен қамтылды», дейді қала әкімі.

Брифингте 2019 жылы барлық мектептерде ІТ сыныптар ашу жоспарланып отырғандығы айтылды. Бұдан бөлек Бестөбе кентінде жекеменшік балабақша жұмысын бастайды.

Ал, медицина саласына келетін болсақ, қалалық емханаға жас мамандарды тарту үшін 5 пәтер бөлінді. Медициналық жоғары оқу орындарында 8 студент білім алуда, оларды келешекте Степногор қаласына жұмысқа орналастыру жоспарда бар. Былтырғы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Шаңтөбе кентінде жылу қазандығы пайдалануға берілді. ҚР Ұлттық қордан берілген бюджеттік несие арқылы Ақсу және Заводской кенттерінде сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жобасы жүзеге асырылуда. Сопки-305 су тазалау нысанын қалпына келтіру бойынша жоба жүзеге асады.

Сонымен қатар, қала әкімі қалаішілік көшелер мен жолдарды жөндеу, жарық шамдарын орнату бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Мәселен, қаладағы 4-ші және 6-шы шағынаудандардың аулаішілік 38 мың шаршы метр жолдары жөнделді. Степногор-Өнеркәсіп аймағы аралығындағы 2,2 шақырым автокөлік жолы жөнделіп, Ақсу-Бестөбе-Изобильное кенттері аралығындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

null

Соңғы жаңалықтар