Степногорда коронавирус тіркелгені туралы ақпарат жалған – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Степногор қаласында коронавирус инфекциясы тіркелгені туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілерде тараған Ақмола облысы Степногор қаласында коронавирус инфекциясы тіркелгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп жауап берді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп ҚазАқпарат тілшісіне.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 11 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың жаңа инфекциясына байланысты 3974 адам бақылауда тұр . Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы аумағында жаңа вирус тіркелген жоқ.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.


Соңғы жаңалықтар