+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Степногорда ер адам дәмханада асқа шашалып көз жұмды

2021 жылғы 20 қыркүйек 18:25
Бөлісіңіз:
Степногорда ер адам дәмханада асқа шашалып көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногорде ер адам дәмханада асқа шашалып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Көрмедегі Көкшетаудың құс ұшатын биіктен түсірілген суреттері көрермен қызығушылығын тудырды Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды Ақмола облысынан хабар-ошарсыз кеткен адам ұрлық жасап ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, оқиға қыркүйектің 19-да сағат 19:50 шамасында болған. Бұл туралы жедел жәрдем қызметіне әйел адам хабарласып айтқан.

«Сағат 19:58-де 102 нөміріне әйел адам қоңырау шалып, «Шашлыков» дәмханасында ер адамдың жағдайы күрт нашарлап, түрі бозарып бара жатқандығын айтқан. Сонымен бірге, ол ер адамды өз көлігімен аурухана алып кеткендігін, жолда оларды жедел жәрдем бригадасы күтіп алуын сұраған», - делінген ақпаратта.

Алайда, кейбір басылымдар мен әлеуметтік желі қолданушылар жедел жәрдем қызметінің шақыру бойынша келмегенін айтып, сынауда.

«Қалада тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз ғана диспетчерлік бекет бар. Онда сағат 19:10 және 20:00 аралығында 103 нөміріне 13 рет қоңырау шалынған. Диспетчер қоңырауды тіркеді, бірақ бригада жолға шыққан жоқ. Өйткені 20:00-де ауруханадан хабарласып, ер адамның денесі жеткізілгенін хабарлады. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT