Степногорда басқарма басшысы парамен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Степногор қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алғанын мойындады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, басқарма басшысымен бірге тағы бір маман жауапқа тартылып отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті «Степногорск қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басқарма басшысы және аталған мекеменің маманына қатысты сотқа дейнгі тергеуді бастады. Олар Қарабұлақ ауылдық орта мектебінің асxанасына санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болмағаны үшін шара қабылдаймыз деп, жеке кәсіпкерден пара алғаны үшін күдікке ілінді. Өз кінәсін толық мойындады. Сол себепті қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деді А.Бердалин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгін агенттік Маңғыстау облысының денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының қамауға алынғанын жариялады. Ол мемлекет мүддесіне 1 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірген. Бұдан бөлек, ағайынды Рысқалиевтердің сыбайласы қамауға алынды. Ал Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары экстремизмге қарсы шараларға бөлінген бюджет қаржысын жымқырған.

Соңғы жаңалықтар