Степногорда 17 жастағы колледж студентін өлтірген күдікті қолға түсті - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласында 17 жастағы колледж студентін өлтірген күдікті қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша 16 ақпан күні талтүсте Степногордегі тау-кен техникалық колледжінің 17 жастағы студентін өлтіріп кеткен.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында еш жерде жұмыс істемейтін 1994 жылғы жігіт қолға түсті. Күдіктінің айтуынша, онымен ажал құшқан студенттің арасында екеуара түсініспеушілік болған көрінеді. Қазіргі кезде, күдікті қылмысын мойындап, уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды. Сондай-ақ, оның үстінен ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлімі (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар