Степногор жылу орталығында төрт қазандық жұмыс істеп тұр

Фото: None
СТЕПНОГОР. ҚазАқпарат - Энергетика министрлігі Степногор жылу электр орталығындағы апатты жағдай жайында мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта 3 энергетикалық қазандық агрегат және бір су жылыту қазандығы жұмыс істеп тұр.

Станцияның сыртындағы температура белгіленген кестеден 93-95 С жоғары.

График бойынша берілген температура - 87 С.

Қазіргі уақытта анықталған ақауларды жою жұмысы жүргізіліп жатыр.

Жұмыстар 28 наурыз кешке аяқталады және қазандықтар резервке енгізіледі.

Бұған дейін Степногордағы ЖЭО жылу жүйелеріндегі ақаудан бірнеше шағынаудандағы көптеген тұрғын үйлер жылусыз қалғанын хабарлаған едік.

Қазір жылу қазандығын қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар