Степногор тұрғынынан 12 кг қарасора тәркіленді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – «Қарасора-2022» алдын алу операциясы аясында Степногор қаласында құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметкерлері 36 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі жеке учаскеде 173 қарасора бұтасы табылды. Сондай-ақ, өсімдікті суару шлангтары алынды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген қарасораның салмағы 12 кг - дан асты», - деді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ер адамның сөзінше, ол қарасора өсімдіктерін жеке тұтыну мақсатында өсірген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай әрекет үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Жыл басынан бері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірудің төрт дерегі анықталды», деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда «Qnet» қаржы пирамидасының басшылары 2 айға қамалғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар