+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Степногор тұрғыны азаматтық некедегі әйелінің атынан несие алып, қашып кетті

2018 жылғы 20 қаңтар 04:13
Бөлісіңіз:
Степногор тұрғыны азаматтық некедегі әйелінің атынан несие алып, қашып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Азаматтық некедегі әйелінің атынан несие алып, қашып кеткен Ақмола облысы Степногор қаласы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Степногор қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын арыз түсірді. Зардап шегуші әйелдің сөзіне қарағанда, өткен жылдың қазан айында белгісіз біреулер оның атына 150 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген. Келіншек өз атына несие рәсімделгенін білген кезде, негізгі қарызынан бөлек айып төлеу өсімі 280 мың теңгеге жеткен болып шықты.

Қазіргі кезде, келіншектің мойнында шағын несиелеу ұйымына 358 000 теңге көлемінде қарызы бар.

Кейін анықталғандай, келіншектің атына несиені алаяқтық жасағаны үшін бұрын істі болған оның азаматтық некедегі күйеуі рәсімдеген.

Алғашында келіншек интернет арқылы онлайн несие алып, оны уақытылы өтеген. Ал, күдікті болса, осыны пайдалана отырып, келіншектің құжаттарындағы реквизиттерді және банк кәртішкесінің нөмірі арқылы онлайн несие рәсімдеген. Өзінің атында несие барын зардап шегуші жақында ғана білген. Ал,оған дейін күдікті ізін суытып үлгерген.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 191 бабының 1 бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Егер 30 жастағы күдіктің қылмысы дәлелденсе, онда оған 2,4 миллион теңге көлемінде айыппұл салу немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT