Степногор тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласында қуаты тәулігіне 48 мың текше метрді құрайтын Сопка-305 су тазарту нысанында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, ауыз судың сапасы жақсарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде қаладағы тұрғын үйлерге сапалы ауыз су жеткізіліп отыр.

«Жарты ғасырдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан технологиялық жабдықты ауыстыру суды тазартудың орташа тиімділігін 47 пайыздан 75,3 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Құрылыстарды қайта жаңартуда неміс өндірісінің прогрессивті технологиялары қолданылды. Резервуарларды басқару торабы, сондай-ақ, мембраналық технологияға көшумен сүзгі станциясы жаңғыртылды. Резервуарларға күрделі жөндеу жүргізілді. Сорғы станциясы салынды. Нысаның аумағы абаттандырылып, күзет пункті қойылды», - дейді ведомстводан.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша кәсіпорында ауқымды апгрейд жүргізілді. Жұмыс құны шамамен 5,5 миллиард теңгені құрады. Осыған қарамастан 47 мыңнан астам тұрғыны бар өндірістік қала үшін тариф мөлшері өзгерген жоқ.18 айға созылған жобаны сүйемелдеумен және бақылаумен Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы айналысты.


Соңғы жаңалықтар