+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Степногор маңында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды

2021 жылғы 25 қазан 12:55
Бөлісіңіз:
Степногор маңында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды

СТЕПНОГОР. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Степногор-Заводской» тасжолында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысының трассасында жүк көліктері аударылды Батыс Қазақстанда автокөлік сиырға соғылып, екі адам ауруханаға жеткізілді Екібастұзда жолаушылар автобусы 8 жасар баланы қағып кетті

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 24-де күндізгі сағат 12:20 шамасында Степногор қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне «Степногор-Заводской» автожолының 6 шақырымында жол апаты болғаны хабарланған.

Анықталғандай, Заводской кенті бағытында жүріп келе жатқан Hyundai Accent автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылған.

«Салдарынан Степногор қаласының қалалық ауруханасына 36 жастағы жолаушы жеткізілді, ол сағат 21:10-да жансақтау бөлімінде көз жұмды. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі «жеңіл дәрежеде» мас күйінде болған. Тиісті сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-1 бабының 3-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT