Степногор қаласында саяжайдағы өрттен бір адам күйіп кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласындағы «Заря» саяжай кооперативі өртке оранып, бір адам жантәсілім етті, деп аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрт саяжайдың 9-шы желі, №69 учаскесінде орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамының 6 қызметкері мен 1 өрт сөндіру техникасы тартылды. Оқиға орнынан бір адамның мүрдесі табылды.

Қазіргі кезде марқұм болған адамның кім екені және саяжай иелеріне келтірілген шығын көлемі анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар