Степногор қалалық ІІБ-не бомба қойылғаны жөнінде жалған ақпарат таратқан жасөспірім анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері Степногор қалалық ІІБ бомба қойылғаны жөнінде жалған ақпарат таратқан адамды анықтады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

ІІД мәліметі бойынша, сәуірдің 18 күні кешкі сағат 21.05 шамасында Степногор қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне белгісіз адам қалалық полиция бөлімінің кіре берісіне бомба қойылғаны жөнінде телефон арқылы хабарлаған. Тексеріс барысында ІІБ ғимаратынан жарылғыш зат табылмайды. ІІБ аяғынан тік тұрғызған күдіктіні полиция қызметкерлері көп кешікпей анықтайды. Ол Изобильное селосында тұратын 8 сынып оқушысы болып шыққан.

Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 242 бабы бойынша (террористік әрекет туралы жалған ақпарат таратқаны үшін) қылмыстық іс қозғалды.

Қазір жасөспірім ата-анасының кепілдігімен үйіне жіберілді.

Айта кетейік, биыл жыл басынан бері облыс бойынша террористік акті жөнінде осымен 5 мәрте жалған ақпарат таратылып отыр. Оның екеуінде жарылғыш заттың қойылғаны жөнінде мектеп оқушылары жалған хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар