Стэнфорд университетінің профессоры АЭФ-та баяндама жасайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең елордада дәстүрлі Астана экономикалық форумы жұмысын бастайды. Биылғы жиынның негізгі тақырыбы «Жаңа экономикалық ақиқат: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы» деп аталады. Бұл жолы да әдеттегідей бизнес және сараптау қауымдастықтарының әлемге танымал өкілдері, ірі қаржылық құрылымдардың жетекшілері, халықаралық ұйымдардың басшылары мен Нобель сыйлығының лауреаттары қатысады деп күтілуде, деп хабарлады www.24.kz.

Олар Сарыарқа төрінде екі күн бойы әлемдік экономиканы дамытудың негізгі үрдістері мен жаһандық сын-қатерлерден сүрінбей өтудің негізгі жолдарын талқылайды. Әсіресе биылғы форумда тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне айрықша мән берілмек. Бұл тақырып төңірегінде АҚШ-тың Стэнфорд университетінің профессоры, отын элементтерін зерттеу жөнінен халықаралық сарапшы Тургут Гур баяндама жасайды деп күтілуде.

«Астана экономикалық форумына алғаш қатысқалы жатырмын. Алайда оны әлемнің сақа саясаткерлер мен білікті сарапшыларды және әйгілі Нобель сыйлығының иегерлерінің басын біріктіретін мәртебелі алаңы деп білемін. Сондықтан осы жиында күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар мен салмақты пікір алмасулар күтемін. Менің баяндамам қазіргі дәстүрлі энергия түрлерінен тәуелділікті азайту жолдары мен қоршаған ортаға залалсыз қайта қалпына келетін энергия көздеріне арналмақ. Алайда адамзат баласы бұл энергияға түбегейлі өту үшін 50 жыл, мүмкін бір ғасырдай уақыт кетеді. Олай болса, осы өтпелі аралықта не істеуіміз тиіс? Оның жауабын форумда айтып беремін», - деді Стэнфорд университетінің профессоры Тургут Гур.

Соңғы жаңалықтар