Стендтік атудан Азия Кубогінде қазақстандық мергендер 5 медаль алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кувейтте өтіп жатқан стендтік атудан Азия Кубогінде қазақстандық спортшылар 5 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қуанышты жаңалық! Қазақстандық мергендер кезекті рет ең беделді халықаралық жарыста еліміздің намысын абыроймен қорғап, лайықты өнер көрсетті. Кувейтте өтіп жатқан стендтік атудан Азия Кубогінде біздің спортшылар 5 медаль жеңіп алды: 2 «алтын», 1 «күміс» және 2 «қола». Барлық жүлдені «скит» жаттығуында – дөңгелек стендте атудан жеңіп алды.

Шымкент қаласының мергені Ольга Панарина жекелей және Әсем Орынбай, Зоя Кравченко сынды спортшылардан жасақталған құрама командалық жарыста алтын алды.


Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон және Артем Седельников бастаған ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Бұл жолы Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан спортшыларының соңғы жетістіктері (мысалы, Әлем Кубогінің жалпы медальдық есебінде бірінші орын) кездейсоқтық емес екенін тағы да көрсетеді. Бұл – Париж Олимпиадасы қарсаңындағы сөзсіз зор қуаныш.

Өтіп жатқан турнир барысында біздің мергендер жеңіс тұғырына тағы бірнеше рет көтерілетініне сенімдімін!» - деп жазған министр спортшыларымызға сәттілік тілеп, барлық қазақстандық жанкүйерлерді Азия Кубогінің сәтті басталуымен құттықтаған.


Соңғы жаңалықтар