Стенд атудан Қазақстан командасы әлем кубогінде екі медаль жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Стенд атудан Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар тағы екі жүлде жеңіп алды. Бұл жолы команда мүшелері «Trap» жаттығуынан үздік үштікке енді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасындағы командалық сында Мария Дмитриенко, Сәрсенкүл Рысбекова және Айжан Досмағамбетова үштігі күміс жүлдегер атанды. Олар финалда Үндістан командасына есе жіберді.

Ерлер арасындағы командалық бәсекеде Виктор Хасянов, Андрей Могилевский және Максим Коломоец қола жүлдеге қол жеткізді. Олар үшінші орын үшін таласта Катар құрамасынан басым түскен.

Алтын медальді Үндістан, күмісті Словакия командасы еншіледі.

Айта кетелік, бұған дейін стенд атудан Қазақстан командасы «Skeet» жаттығуынан төрт медаль жеңіп алған болатын.


Соңғы жаңалықтар