Стенд атудан әлем кубогі: Қазақстан тағы бір «алтын» алды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Стенд атудан Қазақстан құрамасы Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде екінші алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Құрама қоржынына медальді Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов салды.

Спортшылар аралас командалар арасында «трап» дисциплинасында жетістікке жетті. Екінші орынға Түркия орналасты, ал «қола» Иранға бұйырды.

Бұл ҚР құрамасының турнирдегі үшінші жүлдесі.

Еске салайық, бұған дейін Әсем Орынбай «скитте» алтын медаль алған болатын. Сондай-ақ ол аралас командалар арасында Эдуард Ещенкомен бірге «скитте» екінші нәтиже көрсетті.

Алматыда өтіп жатқан рейтингілік Әлем кубогі кезеңі ертең аяқталады.


Соңғы жаңалықтар