Стенд атудан әлем кубогі: Қазақстан құрамасында тағы бір медаль

None
None
КАИР. ҚазАқпарат – Мысырдың Каир қаласында өтіп жатқан стенд атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Трап» жаттығуы бойынша Қазақстан командасы қола жүлдегер атанды. Алтын медаль Ресей, күміс Үндістан құрамасының еншісінде. Бұл жаттығу бойынша Қазақстан намысын Сәрсенкүл Рысбекова, Айжан Досмағамбетова мен Мария Дмитриенко қорғаған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан командасы «скит» жаттығуы бойынша үздік үштік қатарынан көрінген еді.

Сондай-ақ Сәрсенкүл Рысбекова Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар