Стенд ату: Қазақстандық спортшылар Олимпиада жолдамасына таласады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4-13 наурыз аралығында Кипрдің Никосия қаласында стенд атудан өтетін лицензиялық әлем кубогі кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, аталған әлем кубогі кезеңінде Токио ойындарына жолдама сарапқа салынады.

Аталған әлем кубогі кезеңінде лицензия иегерлері рейтинг арқылы анықталады.

Бұған дейінгі турнирлерде бірінші және екінші орын алған спортшылар тікелей олимпиадаға жолдама алған болатын.

Кипрдегі әлемдік Қазақстан сапынан мына мергендер қатысады:

Трап, ерлер:

Александр Федоров, Виктор Хасянов, Андрей Могилевский

Трап, әйелдер:

Сәрсенкүл Рысбекова, Анастасия Давыдова, Мария Дмитриенко

Скит, әйелдер:

Анастасия Молчанова, Зоя Кравченко, Әсем Орынбай, Ольга Панарина

Скит, ерлер:

Александр Ещенко, Давид Почивалов, Эдуард Ещенко, Владислав Мухамедиев.


Соңғы жаңалықтар