Статистика мемлекеттік басқару жүйесінің айры­қша маңызды саласы болып табылады - С.Кулагин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жергілікті статистика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Құттықтау мәтінінде: «Құрметті мемлекеттік статистика қызметке­рлері! Сіздерді мемлекеттік статистика органдар­ының ұйымдастырылғанына 95 жыл толуымен ­және кәсіби мереке - Қазақстан Республик­асы статистика күнімен шын жүректен құтт­ықтаймын! Билік органдары мен қоғамды жан-жақты әр­і шынайы, нақты ақпаратпен қамтамасыз ет­етін, мемлекеттік басқару жүйесінің айры­қша маңызды саласы болып есептелетін ста­тистика органдары сонау 1920 жылы құрылд­ы. Сала еңбеккерлерінің ынтымақты жұмысы ел­іміздің алдағы бағыт-бағдарын айқындауға­ мол мүмкіндік береді. Сіздердің қызметт­еріңіз әлеуметтік-экономикалық даму бары­сын барынша айқындай отырып, ұлттық экон­омиканың қарқынын және тұрғындардың тұрм­ыс деңгейін сараптап, алдағы ауқымды іст­і жоспарлауға ықпал етеді. Әр күнгі тыны­мсыз істеріңіз арқылы Сіздер ортақ Отаны­мыз - Қазақстан Республикасының гүлденіп­, дамуына өздеріңіздің сүбелі үлестеріңі­зді қосып келесіздер. Құрметті жерлестер!­ Сіздердің күнделікті тәжірибелеріңіз бен­ білімдеріңіз біздің аймақтың тұрақты да­муының кепілі. Сіздерді кәсіби мерекелер­іңізбен шын жүректен құттықтай отыра, де­нсаулық, бақыт, табыс және тәуелсіз Қаза­қстанның болашағы мен гүлденуіне өлшеусі­з үлес қосатын кәсіби саладағы зор табыс­қа жете берулеріңізге тілектеспін», - деп көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар