Статистика деректерін жинау процесін жеңілдететін мобильді қосымша іске қосылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Статистика деректерін жинау процесін жеңілдететін мобильді қосымша іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Статистикалық деректерді жинау процестерін белсенді дамытып жатырмыз. Қазіргі уақытта өңірлерде бағаны 287 маман тіркейді. Олар баға динамикасын қағазға жазбаша түрде түсіреді. Статистика деректерін жинау процесін жеңілдету мақсатында осы тоқсанда біз мобильді қосымшаны іске қосамыз. Бұл баға котировкасын жазып қана қоймай, сонымен қатар штрих-кодты және өнімнің суретін салып, объектінің орналасқан жерін растауға және деректерді онлайн режимде жіберуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, мобильді қосымшаның арқасында деректерді өңдеу уақыты қысқартылады. Бақылау сапасы артып, баға талдау мүмкіндіктері кеңейтіледі.

«Дегенмен, мобильді қосымша адам факторын толығымен жоққа шығармайды», - деді бюро басшысы.


Соңғы жаңалықтар