Станиславский атындағы Қарағанды театры мерейтойлық маусымын ашады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 11 қыркүйекте сағат 18.30-да К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры өзінің мерейтойлық 90-шы маусымын онлайн форматта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Театр 90 жылдықты мерейтой кешімен атап өтуді жоспарлауда. Ашылу салтанаты театр фойесінде актерлердің қызыл кілеммен өту шарасымен басталады. Кейін Дунай Еспаевтың қойылымындағы Дэвид Кристнердің «Горячие мамочки» комедиясының онлайн-трансляциясы жүргізіледі.

Салтанатты шараны stanislavsky.kz сайтынан көруге болады.

Жаңа театр маусымында көрермендерді өткен жылдардағы спектакльдерден басқа, жаңа премьералар күтеді. Театр жетекшісі Дунай Еспаев Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының желісі бойынша жазған Кеңес Жұмабековтың «Знай, потомок, дорогу я для тебя стлал!» драмасын сахналамақ. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің мерейтойына орай көрермендер назарына Белгород режиссері Владимир Бородиннің қойылымындағы Григорий Гориннің «Қош бол, конферансье!» спектакль-концерті ұсынылады. Содан кейін мәскеулік Константин Мишиннің қойылымындағы Уильям Шекспирдің «Макбет» трагедиясының премьерасы жоспарланған.

Балалар үшін театр актері Константин Снегирев Оксана Розумның «Сиқырлы шартылдақ» жаңа жылдық ертегісін қояды. Тағы бір премьера - Галина Турчинаның қойылымындағы Лора Каннингемнің «Девичник» лирикалық комедиясы. Театр ұжымы осы беп премьераны көрермендерге 2020 жылдың соңына дейін көрсетуге үміттеніп отыр.

2021 жылы Мольердің «Жорж Данден» комедиясын қою үшін Грузиядан режиссер Тургай Велизадені шақыру жоспарда бар, ал Петербургтік Аршад Алекперов Иван Вырыпаевтың «Валентин күнін», Чувашиядан келген қоюшы режиссер Станислав Васильев - Иван Сергеевич Тургеневтің «Месяц в деревне» немесе «Отцы и дети» фильмін көрсетуді жоспарлап отыр. Пьесаны таңдау қазір талқылану барысында.


Соңғы жаңалықтар