Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Стандартты пойыздарда І топтағы мүгедектер үшін 50 пайыздық жеңілдік енгізіледі

2018 жылғы 6 желтоқсан 17:26 72
Бөлісіңіз:
Стандартты пойыздарда І топтағы мүгедектер үшін 50 пайыздық жеңілдік енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жолаушыларға қызмет көрсететін барлық стандартты пойыздарға І топтағы мүгедектер үшін 50 пайыздық жеңілдік енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы өндірістік жарақат қаупі жоғары салалар аталды Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандар марапатталды

«Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға айрықша көңіл бөлініп келеді. Әртүрлі бағыт бойынша 22 бағдардың құрамында 37 бірдей арнайы вагондар купесі қатынайды. Барлық пойыздардың ішінде мүгедектерге арналған арбалар бар», - деді ҚР ИДМ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев.

Оның айтуынша, жыл сайын арнайы жолаушылар вагондарын, оның ішінде «Тұлпар-Тальго» зауытында жасалған вагондарды сатып алу жүзеге асырылуда.

«Осы жылы арнайы вагондардың барлығын көбейтуге мүмкіндік беретін 40 стандартты вагонды қайта жаңғырту бойынша үрдіс басталды. Жолаушылардың өтініші бойынша, теміржол вокзалының қызметкерлері мен жолсеріктер мүмкіндігі шектеулі адамдарды отырғызу, түсіру бойынша қызметтерді жүзеге асырады. Бұл міндеттер арнайы түрде жұмыскерлердің лауазымы нұсқаулығында бекітілді. «Тұлпар-Тальго» пойыздарының арнайы орындары үшін 70 пайыз көлемінде жеңілдіктер қарастырылған. 2019 жылы «Жолаушыларды тасымалдау қағидаларына» өзгерістер енгізу шеңберінде І топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жол жүруге 50 пайыздық жеңілдіктерді барлық стандартты пойыздарға енгізу жоспарлануда», - деді ол.

Айта кетсек, бұдан бұрын Әсет Асавбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жолаушылар пойыздың кешігуін SMS-хабарлама арқылы біліп отыратынын тілге тиек еткен еді.

Оның айтуынша, қызметті қолдану үшін жолаушылар вокзалдарындағы қызметке немесе www.bilet.ralways.kz сайтына жол жүру құжаттарын рәсімдеу кезінде ұялы телефонының нөмірін қалдыруы қажет.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT