Стамбұл прокуратурасы тыңшылық жасаған 44 полицейді ұстауды талап етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбұл прокуратурасы 59 адамға тың-тыңдау жүргізді деген айыппен күдікті 44 полицейді тұтқындауды талап етті. Бұл туралы бірқатар БАҚ хабарлап отыр, деп жазады lifenews.ru.

Тергеу мәліметінде, ол адамдардың әңгімелері бес жыл тыңдалып келген. Құқық қорғаушылар іс бойынша күдікті 44 полицейдің Фетхуллах Гюленнің қозғалысына қатысты екенін атап өткен. Құқық қорғаушылардың хабарлауынша күдіктлердің 17-сі арнайы шара кезінде ұсталды.
Олар Түркияда танымал бизнесмендер: Ферит Шахенк, Али Коч, Мехмет Мин Карамехмет және тағы басқаларды тыңдап келген.

Соңғы жаңалықтар