+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Сталиндік қуғын-сүргінді кешіру мүмкін емес – Мемлекет басшысы

2019 жылғы 21 шілде 22:50
Бөлісіңіз:
Сталиндік қуғын-сүргінді кешіру мүмкін емес – Мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сталиндік қуғын-сүргінді кешіру мүмкін емес. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Деректі фильм барысында Қазақстан Президенті әкесі Кемел жайында сөз қозғайды.

«Ол өмірінің соңына дейін, соғыста жеңгені үшін Сталинге риза болып өтті. Бұл жерде үлкен қарама-қайшылық туындап тұр. Бір жағынан алып қарағанда, ол Сталиннің кесірінен жетім қалды. Ал екінші жағынан алып қарасақ, ол Сталинді Кеңес одағы Қарулы күштерінің Ұлы қолбасшысы деп санады», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев журналистің «Сіз үшін Сталин кім?» деген сауалына жауап берді.

«Мен үшін Сталин, әрине ірі тарихи тұлға. Бірақ, кез келген ірі тарихи тұлға сияқты Сталиннің де қарама-қайшы жақтары болды. Жаппай қуғын-сүргін, соның ішінде Қазақстан жеріндегі қуғын-сүргінді кешіру мүмкін емес. Сталиннің сойылын соққан шолақ белсенділердің қолынан көптеген қазақтың зиялы қауым өкілі түрмеде жазықсыздан жазықсыз қаза тапты. Екінші жағынан әкеммен де келісемін. Ел басына күн туған кезде Кеңес одағын басқарып, елді жеңіске жеткізді», - деді Қазақстан Президенті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT